Жаңалықтар

Тоғызқұмалақтан ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған жарыстар.

Елордамызда ағымдағы жылдың 3-6 тамыз аралығында Тоғызқұмалақтан Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі күндеріне арналған ашық Республикалық жарысы аяқталды. Жарыс рапид жүйесі бойынша өткізілді, спортшылар ойын ортасынан ойын соңына өту кезеңінің жолын білу керек. Республикалық жарыс Этноауылда Астана, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы, Батыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 30 дан аса спортшылардың қатысуымен өтті. Астана қаласының «Толағай»жоғары спорт шеберлігі мектебі» спортшыларыда жарыстарға қатысып жоғары нәтижелер көрсетті.
Базаралиева Гульнара – І орын,
Хадылбек Бахытжан – І орын, ІІІ орын.
Спортшылармызды Құттықтаймыз, Толағай табыстар тілейміз !!!

 

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Back to top button