Жаңалықтар
Астаналық спортшы Әлем кубогында алтыннан алқа тақты

2026 жылдың 19 сәуірінде Египеттің Каир қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы басталды.
Аталған халықаралық жарыста Астана қаласының спортшысы Цуканов Кирилл жоғары нәтиже көрсетіп, жеке есепте 1-орынға ие болды.
Жарыс 27 сәуірге дейін жалғасады.
Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз! Сондай-ақ елорда намысын қорғап жатқан басқа да спортшыларымызға сәттілік тілейміз!




