Жаңалықтар
Астана құрамасы қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатында жалпыкомандалық есепте топ жарды



Елордалық балуандар ел біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетіп, 155 ұпаймен жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды. Екінші орынды Шымкент қаласының құрамасы (144 ұпай), үшінші орынды Түркістан облысының құрамасы (141 ұпай) иеленді.
Жеке сын нәтижелері бойынша Астана спортшылары төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
Алтын медаль иегерлері:
* 60 келі – Нұрымқожа Алдаберген;
* 66 келі – Жанат Ерсаян.
Күміс жүлдегерлер:
* +100 келі – Жасұлан Халхабаев;
* Түйе балуан (+100 келі) – Мейіржан Сламшайықов.
Қола жүлдегерлер:
* 52 келі – Сапаргүл Мұхтарова;
* 60 келі – Диас Дәулет;
* +77 келі – Аңсаған Кашкеева;
* 100 келі – Мейіржан Сламшайықов;
* Түйе балуан (+100 келі) – Жасұлан Халхабаев.
Астана құрамасын жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
