Жаңалықтар
Елордалық спортшылар спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан чемпионатында жүлдегер атанды

2026 жылдың 14–18 қазан күндері Қарағанды қаласында спорттық құзға өрмелеуден ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігінде Астана қаласының спортшылары 1 алтын, 1 күміс және жалпыкомандалық есепте 2 қола жүлдеге ие болды.
Жүлдегерлер:
🥇 Маймуратов Амир — 12 метрге жылдамдықпен өрмелеуден 1-орын;
🥈 Агылманова Зарина — екісайыстан 2-орын;
🥉 Екісайыс — жалпыкомандалық есепте 3-орын;
🥉 12 метрге жылдамдықпен өрмелеу — жалпыкомандалық есепте 3-орын.




