Жаңалықтар

Айбек Айтбеков — U23 әлем чемпионы

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында елордалық балуан Айбек Айтбеков алтын медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Айбек Айтбеков финалдық белдесуде Әзербайжан спортшысы Елмир Алиевті 13:4 есебімен сенімді жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Осылайша, елордалық балуан әлемдік додада Қазақстанның көк туын желбіретіп, ел қоржынына алтын медаль салды.

Айбек Айтбеков пен бапкерлер құрамын жеңісімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button