Жаңалықтар
Тарихи жеңіс: елордалық спортшылар әлемдік додада қос күміс еншіледі

2026 жылдың 10-17 тамыз күндері Венгрияның Будапешт қаласында өткен әртістік жүзуден юниорлар арасындағы әлем чемпионатында астаналық спортшылар 2 бірдей тарихи медаль еншіледі.
Микс-дуэттің еркін бағдарламасында Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова 248,1058 балл жинап, жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Бұл — Қазақстанның микс-дуэт бағдарламасындағы жасөспірімдері үшін тарихи нәтиже.
Сонымен қатар, астаналық спортшылар акробатикалық топ бағдарламасында 2-орын иеленіп, ел қоржынына тағы бір тарихи медаль салды. Құрама сапында Рамазанов Алдияр, Исламова Ясмина, Калмурза Макпал, Саим Айганым, Заирова Тахмина өнер көрсетіп, ел намысын қорғады.




