Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

2026 жылдың 13–15 қазан күндері Астана қаласындағы «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіруден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігінде спортшылар 500, 1000, 1500, 3000 және 5000 метр қашықтықтарда, сондай-ақ масс-старт, командалық спринт және командалық жарыс бағдарламалары бойынша өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 4 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері:
🥇 Кристина Силаева — 500 м ;
🥇 Артур Галиев — 1000 м;
🥇 Ақжол Нұралы — 1500 м;
🥇 Астана құрамасы — ерлер арасындағы командалық жарыс.
Күміс медаль иегерлері:
🥈 Артур Галиев — 500 м ;
🥈 Кристина Силаева — 1000 м;
🥈 Ақжол Нұралы — 1000 м;
🥈 Елизавета Голубева — 1500 м;
🥈 Елизавета Голубева — 3000 м;
🥈 Астана құрамасы — әйелдер арасындағы командалық спринт ;
🥈 Астана құрамасы — ерлер арасындағы командалық спринт;
🥈 Астана құрамасы — әйелдер арасындағы командалық жарыс.
Қола медаль иегерлері:
🥉 Алина Дауранова — 500 м ;
🥉 Диана Бачурина — 3000 м ;
🥉 Абылайхан Қайырғазы — 5000 м ;
🥉 Азамат Сатқожа — масс-старт.





