Жаңалықтар

2 ақпан Болгарияның София қаласында өткен дзюдодан Ашық Еуропа Кубогінде спортшымыз Ақмарал Науатбек қола жүлдегер атанды.

Бірінші кездесуінде Австриялық спортшыны қылқындыру әдісімен, екіншіде, Испан елінен қарсыласын вазари ұпайымен жеңсе, үшінші кездесуде француз қызына есе жіберді. Келесі айналымда француз спортшысынан және үшінші орынға күресте Австриялық қарсыласынан басым болып, Еуропа Кубогінің ҚОЛА жүлдесін иеленді.

Спортшымызды және барлық қазақ дзюдошыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы додаларда сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Back to top button