Жаңалықтар
Астаналық мәнерлеп сырғанаушылар ел біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетті

2026 жылдың 21–23 қараша күндері Өскемен қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігіне еліміздің 13 өңірінен 86 спортшы қатысып, үш санат бойынша бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, үш алтын медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда:
* Шахимурат Ералы – 1-орын;
* Кожагельды Айару – 1-орын;
* Сичковская Алиса – 1-орын.
Осылайша, астаналық спортшылар ел чемпионатының жеңімпаздары атанды.
Жеңімпаздарды және олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!






