Жаңалықтар
ISSF жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Астаналық мерген әлем чемпионы атанды

Германияның Зуль қаласында 16–26 маусым күндері өтіп жатқан нысана көздеуден ISSF жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында елордалық спортшы жеңімпаз атанды.
Әлемнің 63 елінен 778 спортшы қатысып жатқан дүбірлі додада Астана қаласының спортшысы Асылым Жақия 25 метр қашықтыққа нысана көздеуден әйелдер арасында 554 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.





