Жаңалықтар
Қазақстандық семсерлесушілер ШЫҰ ашық кубогының қола жүлдегері атанды

2026 жылдың 12–22 қараша күндері Мәскеу қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер мен шақырылған елдердің спортшылары арасында алғаш рет халықаралық мультиспорттық турнир өтті.
23 жасқа дейінгі (U-23) спортшылар арасындағы семсерлесу жарысына 10 елдің (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Иран, Пәкістан, БАӘ және Камбоджа) өкілдері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы найзамен семсерлесуден командалық сайыста қола жүлдеге ие болды.
Қазақстан құрамасының сапында елордалық спортшы Мансұр Естеу, сондай-ақ Ғалым Нұрымов, Тимофей Семёнов және Евгений Токанов өнер көрсетті.
Астаналық спортшыны және Қазақстан құрамасын жүлделі орынмен құттықтаймыз!





