Жаңалықтар
29 қарашада Астанада мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

Сайлау күні әрбір дауыс берушіге әртүрлі түсті екі бюллетень беріледі:
🔵Көк бюллетень – партиялық тізім бойынша саяси партияға дауыс беру үшін.
🟢Жасыл бюллетень – бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидатқа дауыс беру үшін.
Өз сайлау учаскеңізді келесі жолдармен біле аласыз:
▪️ sailau.astana.kz сайты
https://sailau.astana.kz/
▪️ «Сайлау Астана» Telegram-боты
https://t.me/sailau_astana_bot
▪️ iKomek 109 байланыс орталығы.
Сайлау учаскесіне жеке басыңызды куәландыратын құжатпен келуді ұмытпаңыз.




