Жаңалықтар
Елордалық спортшы Әділ Жұмағожа халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

2026 жылдың 18–23 қараша күндері Ресейдің Сириус қаласында керлингтен Sirius International 2026 халықаралық турнирі өтті.
Дүбірлі додаға Қазақстан, Ресей, Беларусь және Түркия елдерінен 24 команда (12 ерлер және 12 әйелдер құрамасы), барлығы 120 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы тартысты бәсекеде қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында елорда намысын қорғаған Әділ Жұмағожа (вице-скип) сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Спортшымызды және бапкерлер құрамын жарқын жеңісімен құттықтаймыз!




