Триатлоннан Азия кубогі: елордалық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді

2026 жылдың 20-21 маусым күндері Астана қаласында триатлоннан Elite, жасөспірімдер санаттары бойынша Азия кубогі өтті.
Халықаралық жарысқа Азияның 20 елінен 300-ге жуық спортшы қатысып, құрлықтың үздіктері өзара бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында жасөспірімдер санатында Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Аида Ким барлық кезеңде көшбасшылық танытып, жүзу, веложарыс және жүгіру сайыстарында тұрақты өнер көрсетті. Ол жарыс жолын 1 сағат 08 минут 09 секунд нәтижемен аяқтап, Азия кубогінің чемпионы атанды.
Алуа Нұрмұхамет те жоғары деңгейдегі дайындықтың үлгісін көрсетіп, мәреге 1 сағат 08 минут 11 секунд уақытпен жетті. Ол жеңімпаздан небәрі 2 секундқа ғана қалып, Азия кубогінің күміс жүлдесін иеленді.




