Астаналық каратэшілер ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

2026 жылдың 6–8 қараша күндері Астана қаласында каратэ WKF спорт түрінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігіне еліміздің 15 өңірінен 150-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Тартысты өткен жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жекелей және командалық сайыстарда 1 алтын және 6 қола медаль жеңіп алды.
🏆 Қазақстан чемпионы:
🥇 Ценгель Николь — 55 келіге дейін.
🥉 Қола жүлдегерлер:
🥉 Алдаберген Перизат — 55 келіге дейін;
🥉 Әмзе Ақылбек — 60 келіге дейін;
🥉 Москвичев Кирилл — 67 келіге дейін;
🥉 Абдрахман Жаннұр — 68 келіге дейін.
🥉 Ерлер арасындағы командалық кумитэ — 3-орын:
Әмзе Ақылбек, Ержан Aдият, Москвичев Кирилл, Москвичев Максим, Нығметбек Бекарыс, Ергалиев Ернур, Жұмартов Aлинур.
🥉 Әйелдер арасындағы командалық кумитэ — 3-орын:
Ценгель Николь, Алдаберген Перизат, Үшкемпірова Аяулым, Aбжанова Мaлика, Абдрахман Жаннұр.
Елордалық спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын Қазақстан чемпионатындағы жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!




