Жаңалықтар

Астана триатлоншылары Қазақстан чемпионатында топ жарды

2026 жылдың 20-21 маусым күндері Астана қаласында триатлоннан спринт қашықтығы бойынша Elite, U23, U19 және U17 санаттары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ел біріншілігінде Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, түрлі жас санаттарында жүлделі орындарға ие болды.

Elite санатында Алуа Нурмухамет чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Диана Ержанова мәреге екінші болып жетіп, күміс жүлдегер атанды.

U19 санатында Аида Ким қарсыластарынан басым түсіп, чемпиондық атақты жеңіп алды. Ал Сара Маралбекова қола медаль иеленді.

U23 санатында Елмұрат Қанай күміс жүлдеге қол жеткізді.

U17 санатында Владимир Пильтяев үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанса, Еламан Балабаев жарысты үшінші орынмен аяқтап, қола жүлдеге ие болды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button