Жаңалықтар

Азия чемпионаты: Қазақстан семсерлесушілері үздік үштікке енді

Үндістанның Нью-Дели қаласында 19-24 маусым күндері семсерлесуден ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додаға 25 елден 400-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен елордалық спортшы Саттархан Назарбай командалық сайыста қола жүлдеге ие болды.

Қазақстанның ерлер құрамасы сапында Артём Саркисян, Жанат Набиев, Нұрмұхаммед Жайлыбай және астаналық спортшы Саттархан Назарбай сынға түсті. Қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде қазақстандық семсерлесушілер Қытай құрамасын 45:44 есебімен жеңіп, Азия чемпионатының қола медалін иеленді.

Саттархан Назарбайды және Қазақстан құрамасын құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button