Жаңалықтар

Астаналық асық атушылар ел чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 9–13 қараша күндері Павлодар қаласында ересектер арасында асық атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің 19 өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысты.

Астана қаласының спортшылары жарыстың «Дәстүр» және «Блиц» бағыттары бойынша бақ сынап, жүлделі орындарға ие болды.

«Дәстүр» бағыты бойынша:
🥇 1-орын – Айжан Серикова;
🥈 2-орын – Камила Даниярова;
🥉 3-орын – Перизат Елемес.

«Блиц» бағыты бойынша:
🥇 1-орын – Камила Даниярова;
🥈 2-орын – Айжан Серикова.

Астаналық спортшыларды және жаттықтырушыларды жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button