Жаңалықтар

Астаналық спортшылар Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

2026 жылдың 8–12 шілде күндері Жапонияның Токио қаласында бразилиялық джиу-джитсудан Asian Jiu-Jitsu IBJJF Championship 2026 Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық додада астаналық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медальдар салды.

Алтын жүлдегерлер:

🥇 Ақнұр Ғалым (Juvenile 2, 17 жас, Medium-Heavy, 65 кг) – өз салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.

🥇🥇 Кемаль Рузахунов (Juvenile 1, 16 жас, Medium-Heavy, 74 кг) – өз салмақ дәрежесінде және Open Class Heavy абсолюттік санатында екі алтын медаль жеңіп алды.

🥇🥇 Линара Безрукова (Juvenile 1, 16 жас, Middle Weight, 60,5 кг) – Open Class Heavy абсолюттік санатында чемпион атанып, өз салмақ дәрежесінде күміс медаль еншіледі.

🥇 Алима Жұмаделдинова (Juvenile 1, 16 жас, Middle Weight, 60,5 кг) – өз салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.

Күміс жүлдегерлер:

🥈 Линара Безрукова – өз салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды (Middle Weight, 60,5 кг).

🥈 Алима Жұмаделдинова – Open Class Heavy абсолюттік санатында күміс жүлдегер атанды.

Қола жүлдегерлер:

🥉 Нұрсұлтан Нұрғалиев (Adult, 88,3 кг, Medium-Heavy) – өз салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

🥉 Ақнұр Ғалым – Open Class Heavy абсолюттік санатында үшінші орынға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді халықаралық жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Арманжан Рузахунов.

Астаналық спортшыларды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button