Жаңалықтар
Қарағандыда өткен халықаралық турнирде астаналық боксшылар жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 4–9 шілде күндері Қарағанды қаласында үш дүркін Азия чемпионы Ермек Серіковты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өтті.
Дүбірлі додада U-23 жас санатындағы ерлер арасында 10 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынып, былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтады.
Турнир қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
🥇 Батыржан Өмірзақ – 50 кг
🥈 Ринат Мақсутов – 50 кг
🥈 Шамиль Сагидолдаев – 85 кг
🥉 Жәңгір Алдабергенов – 70 кг
🥉 Аңсар Беисов – 80 кг
🥉 Даниал Раимбеков – 85 кг
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!


