Жаңалықтар
Астана спортшылары дзюдодан республикалық турнирде жүлдегер атанды

2026 жылдың 23–26 қыркүйек күндері Степногорск қаласында 2007–2008 жылдары туған жастар арасында дзюдодан Бөгенбай батырды еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтті.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен жас дзюдошылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнир қорытындысы бойынша Астана спортшылары екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды:
🥇 Жақыпкожин Ералы — 60 кг салмақ дәрежесінде 1-орын;
🥇 Сейфил Дәулеткерей — 81 кг салмақ дәрежесінде 1-орын;
🥈 Қуанышқалиев Мирас — 66 кг салмақ дәрежесінде 2-орын;
🥉 Карибаев Ансар — 66 кг салмақ дәрежесінде 3-орын.
Астана спортшыларын және жаттықтырушыларын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!




