Жаңалықтар

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты: Астана спортшылары жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 21–27 қыркүйек күндері Румынияның Бухарест қаласында тоғызқұмалақтан VIII әлем чемпионаты өтті.

Әлемдік додаға 14 елден 80-ге жуық спортшы қатысып, тоғызқұмалақтың блиц және классика түрлерінен бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана спортшылары жүлделі орындарға ие болды.

🥈 Гүлнара Базаралиева — блиц түрінен 2-орын;
🥉 Биғали Зкрияев — блиц түрінен 3-орын;
🥉 Гүлнара Базаралиева — классика түрінен 3-орын.

Астана спортшыларын және олардың жаттықтырушыларын жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button