Елордалық құсбегілер халықаралық жарыста жүлдегер атанды

2026 жылдың 7–11 қазан күндері Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбе» алаңында «Шығыс Салбурыны – 2026» халықаралық фестивалі өтті.
Фестиваль аясында құсбегіліктен І Азия кубогының халықаралық жарысы ұйымдастырылды. Додаға әлемнің 12 мемлекетінен 103 құсбегі қатысып, ұлттық өнердің озық үлгілерін көрсетті.
Құсбегілік сайыстары бүркіт, сұңқар, қаршыға және ителгі салу бағыттары бойынша өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар жүлделі орындарға ие болды:
🥈 Күнтуған Серікбек — бүркіт салу сайысында 2-орын;
🥉 Серікбекұлы Ерасыл — қаршыға салу сайысында 3-орын.
Елордалық құсбегілерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!






