Жаңалықтар
Назарбай Саттархан семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы құрамында ХХ Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Жапонияда өтіп жатқан ХХ Азия ойындарында семсерлесуден командалық сайыстар жалғасуда.
Қылыш бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы жартылай финалда жарыс қожайыны Жапония құрамасымен кездесіп, 34:45 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесін иеленді.
Ұлттық құрама сапында елордалық Назарбай Саттарханмен бірге Нұрмұхаммед Жайлыбай, Артём Саркисян және Қуаныш Эргашбай ел намысын қорғады.
Қазақстан құрамасының жарыстағы жолы:
🔹 1/8 финал — Қазақстан 🇰🇿 45:32 🇸🇦 Сауд Арабиясы
🔹 1/4 финал — Қазақстан 🇰🇿 45:40 🇨🇳 Қытай
🔹 1/2 финал — Қазақстан 🇰🇿 34:45 🇯🇵 Жапония
Назарбай Саттарханды және Қазақстан құрамасын Азия ойындарының қола жүлдесімен құттықтаймыз!
📸 Арлан Олжабай





