Жаңалықтар

Азиада-2026: елордалық спортшылар – Азия ойындарының қола жүлдегерлері

Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында елордалық спортшылар Жасмин Джунусбаева, Кристина Чепульская, Аида Хакимжанова, Айзере Нурмагамбетова және Мадина Мырзабай көркем гимнастикадан топтық көпсайыста қола медаль жеңіп алды.

Финалда Қазақстан құрамасы екі жаттығу орындады. Бес доппен орындалған композиция үшін команда 25,450 ұпай, ал үш шеңбер және екі шығыршықпен орындалған жаттығу үшін 26,100 ұпай жинады.

Екі жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық гимнастшылар 51,550 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Бірінші орынды 55,300 ұпаймен Қытай құрамасы иеленсе, екінші орын 52,500 ұпай жинаған Жапония құрамасына бұйырды.

Осылайша, елордалық гимнастшылар XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанып, Қазақстан қоржынына кезекті медальді салды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button