Жаңалықтар

Ашық чемпионат мәресіне жетті

Елорда төрінде мәнерлеп сырғанаудан балалар, жасөспірімдер және ересектер арасындағы жарыс болды.Оған еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда, Теміртау, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Алматыдан қатысушылар жиналды. Бұған қоса, әрине, жергілікті спортшылар бар. Бас-аяғы 300-ге жуық үміткер 3 күн бойы сынға түсті. Нәтижесінде бірнеше жас деңгейі бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарыстың басты ерекшелігі оны алғаш рет арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалады. Айта кету керек,бұл ұзақ үзілістен кейін мәнерлап сырғанау сайысы. Енді қалалық спорт басқармасы оны тұрақты өткізуді және басқа да қысқы спорт түрлерін санитарлық талаптарды сақтай отырып қайта жандандыруды жоспарлап отыр.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button