Жаңалықтар

Сұрмергерден елордада бас қосты

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет садақ атудан халықаралық жарысты қабылдап жатыр. Байрақты бәсеке еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы және астанамызда осы спорт түрінің негізін қалаушы Светлана Лиді еске алуға арналды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпрінінен және көрші мемлекеттерден 80-ге жуық қатысушы жиналды. Араларында Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушылары мен жүлдегерлері бар. Олар енді 5 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Алғашқы жарыс күні іріктеу сындары өтті. Алдағы уақытта бұл бәсекені тұрақты ұйымдастырып, Азия және Әлем Кубоктарының кезеңіне айналдыру жоспарланып отыр. Турнир аясында жеке және командалық біріншілік жаттығуларында 10 медаль жиынтығы ойнатылады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button