Жаңалықтар

Қоржында бір қола

Еліміздің ең үздік дзюдошылары Оралға жиналды. Бұнда жапон жекпе-жегінен ересектер арасындағы ішкі біріншілік өтті. Биылғы бәсекеге 400-ден аса спортшы қатысты. Олар 3 күн бойы 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, жақсы өнер көрсетіп, ерекше көзге түскендері ұлттық құрамаға алынды. Атап айтқанда, жеңіл және орта салмақтарда Мағжан Шамшадин, Ермек Амангелді және Жансай Смағұловтар топ жарды. Ауыр салмақтарда Бекәділ Шаймерденов, Әділет Миссин және Нұрлыхан Шархан, ал аса ауыр салмақта жергілікті Темірлан Көлбай қарсылас шақ келтірмеді. Әйелдер арасында Абиба Әбужақынова, Гаухар Ирмағамбетова, Севара Нышанбаева, Саера Мырзахметова, Зере Бектасқызы, Аруна Жангельдина және Алматы облысынан келген Камила Берліқаш ел чемпионы болды. Бір айта кетерлігі, осы және өзге де жүлгерлерге ұлттық құраманың үздігі Елдос Сметов арнайы сыйақы табыстады.1 орын – 150 мың, 2 орын – 100 мың және 3 орын иегерлеріне 50 мыңнан үлестірілді. Бұған қоса, Қазақстан чемпионатында дзюдошы Елдос Жұмақанов кәсіпқой мансабын аяқтағанын ресми мәлімдеді. жарыстың жалпы қортындысы төменде:

Әйелдер:
48 кг
1. Абиба Абужақынова (Атырау облысы)
2. Диана Буркеева (Алматы облысы)
3. Сара Құлым (Түркістан облысы)
3. Ділназ Асылхан (СҚО)

52 кг
1. Гаухар Ирмағамбетова (БҚО)
2. Салтанат Сұлтанбекова (Қызылорда облысы)
3. Диана Аипова (Алматы қаласы)
3. нұрсұлу Ералиева (Алматы облысы)

57 кг
1. Севара Нишанбаева (Шымкент)
2. Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)
3. Балнұр Құрманбай (Алматы)
3. Рауза Нұрмұхамметова (Жамбыл облысы)

63 кг
1. Саера Мирзахметова (Алматы)
2. Саламай Ерғалиева (Қостанай облысы)
3. Кристина Сотникова (ШҚО)
3. Есімгүл Куюлова (Атырау облысы)

70 кг
1. Зере Бектасқызы (ШҚО)
2. Перизат Жақыпбекова (Түркістан облысы)
3. Мөлдір Нарынова (Алматы облысы)
3. Анастасия Маякова (Ақмола облысы)

-78 кг
1. Аруна Жангельдина (Ақтөбе облысы)
2. Назерке Тілеуханова (ШҚО)
3. Назгүл Есімбек (Түркістан облысы)
3. Альбина Бахиева (Шымкент қаласы)

+78 кг
1. Берліқаш Камила (Алматы облысы)
2. Ақерке Рамазанова (Алматы қаласы)
3. Карина Такиева (БҚО)
3. Назгүл Маратова (СҚО)

Ерлер:
60 кг
1. Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)
2. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)
3. Қанат Сейілхан (Атырау облысы)
3. Ержан Еренғаипов (Нұр-Сұлтан)

66 кг
1. Ермек Амангелді (Атырау облысы)
2. Дастан Шаяхметов (ШҚО)
3. Айболат Ыстыбай (Атырау облысы)
3. Алмас Ғалымов (ШҚО)

73 кг
1. Жансай Смағұлов (Қарағанды облысы)
2. Данияр Шамшиев (Жамбыл облысы)
3. Ерлан Серікжанов (ШҚО)
3. Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО)

81 кг
1. Бекәділ Шаймерденов (Жамбыл облысы)
2. Абылайхан Жұбаназар (Қызылорда облысы)
3. Барак Арқабай (ШҚО)
3. Айбол Нысанәлі (Шымкент)

90 кг
1. Әділет Миссин (Ақтөбе облысы)
2. Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент)
3. Ерасыл Жанатаев (Алматы)
3. Сұңғат Закарияев (Атырау облысы)

-100 кг
1. Нұрлыхан Шархан (Қызылорда облысы)
2. Ерқанат Молдағұлов (Қарағанды облысы)
3. Серік Сальменов (Павлодар облысы)
3. Айбек Серікбаев (Қызылорда облысы)

+100 кг
1. Темірлан Көлбай (БҚО)
2. Әділ Оразбаев (ШҚО)
3. Жамбыл Тұрғыналиев (Жамбыл облысы)
3. Ғалымжан Қырықбай (Жамбыл облысы)

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button