«Namys» спорттық сыйлығы

2025 жылдың 23 желтоқсан күні Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы жыл қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен спорт ұйымдарын марапаттау мақсатында «Namys» спорттық сыйлығын ұйымдастырды.
Салтанатты шарада осы жылдың спорт саласының негізгі бағыттарын қамтыған 20 номинация бойынша «Namys» спорттық сыйлығы табысталды.
Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейрхан, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит арнайы қатысты.




«Namys» спорттық сыйлығы Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының спортшылары мен жаттықтырушыларына табысталды. Атап айтқанда,
🔹 Жылдың үздік спортшысы — Санжар Тәшкенбай
🔹 Жылдың үздік жаттықтырушысы — Меруерт Балғынбаева
🔹 Жыл серпіні — Ақмарал Ерекешева
🔹 Ұлттық спорт түрлерінен үздік жаттықтырушы — Нұржан Қонарбаев
🔹 Ұлттық спорт түрлерінен үздік спортшы — Сағындық Әшім (қазақ күресі)
🔹 Жылдың үздік командасы — №10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебінің хоккей командасы






