Тарихи медаль! Артём Матусевич U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына медаль түсті.
Елорда спортшысы Артём Матусевич жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сынның финалында мәреге 3-ші болып жетіп, қола медаль иеленді.
Бұл бағдарлама жүлдегерлері:
1. Жоао Велосо (Португалия)
2. Ангелос Афанасиадис Каудис (Грекия)
3. Артём Матусевич (Қазақстан)
Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл академиялық ескек есуден тарихи жүлде саналады. Осыған дейін біздің ескек есу шеберлері бұл жас санатындағы дүние жүзі додасында жүлде алмаған.
Еске сала кетейік, Матусевич іріктеу кезеңі мен жартылай финалда да 2-орын алып, финалға шыққан. Ол былтыр Шанхайда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында ТОП-10 қатарынан көрінген атлет (9-орын).
Айта кетейік, чемпионатқа 49 мемлекеттен 600-ден астам ескек есу шебері қатысты.





