Жаңалықтар

Нұрлан Бекжанов – еркін күрестен ардагерлер арасындағы әлем чемпионы

2025 жылдың 7 қазанында Венгрияның Татабанья қаласында еркін күрестен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты басталды.

Бұл жарыста Қазақстан намысын қорғаған елордалық балуан Нұрлан Бекжанов 78 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, екінші рет әлем чемпионы атанды.
Осыған дейін, Нұрлан Бекжанов 2016 жылы Будапеште өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында еркін күрес тарихында болмаған рекорд орнатып, алғаш рет финалға жолдама алған балуан. Сондай-ақ ол 2023 жылы дәл осы бағыттағы бәсекеде алтын жүлдегер атанған.

Нұрлан Бекжановтың бұл жеңісі – ел спорты мен Астана балуандары үшін зор мақтаныш.

Айта кетейік, чемпионат 12 қазанға дейін жалғасады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button