Жаңалықтар
Қауіпсіз қоғамға қадам: Астана қаласының спортты дамыту дирекциясында діни экстремизмнің алдын алу бойынша лекция өтті

Бүгін, 28 сәуір күні, Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы ұжымына діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру лекциясы өткізілді.
Іс-шараға Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының теологы Арман Нұрахметұлы және дінтанушысы Марлен Айдарқұл қатысты.
Кездесу барысында мамандар діни сауаттылықтың маңыздылығына тоқталып, діни ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде діни білімсіз насихат жүргізудің қауіптері түсіндірілді.
Сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын алу – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені ерекше атап өтілді.








