Жаңалықтар
Астанада семсерлесуден Қазақстан чемпионаты басталды

2026 жылдың 22 сәуірінде Астана қаласында семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам үздік спортшы қатысуда. Атап айтқанда, Алматы, Астана, Шымкент қалалары, сондай-ақ Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе облыстарының спортшылары бақ сынауда.
Жарыс барысында Астана қаласының спортшысы Саттархан Назарбай жоғары нәтиже көрсетіп, қылыш (жеке) сайысында 1-орынға ие болды 🥇
Чемпионат 28 сәуірге дейін жалғасады.
Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!



