Жаңалықтар

Астана спортшылары «Странджа кубогында» 5 жүлде жеңіп алды

Болгарияның София қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында 76-шы халықаралық «Странджа кубогы» турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы бәсекеге 22 елден 143 ер және 79 әйел былғары қолғап шебері қатысып, үздіктерді анықтады.

Ауқымы кең болғандықтан «кіші әлем чемпионаты» атанып кеткен жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жерлестеріміз бір алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды.

🏆🥊Жүлдегерлер:

🥇Алтын медаль:
Ляззат Күнгейбаева (81+ кг)

🥈Күміс медаль:
Тимур Нұрсейітов (75 кг)
Нұрбек Оралбай (86 кг)
Айбек Оралбай (+92 кг)
Римма Волосенко (60 кг)

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button