Астаналық спортшылар әртістік жүзуден Азия чемпионатында жарқын жетістікке жетті

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жас ерекшеліктері бойынша әртістік жүзуден Азия чемпионатында Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Айғаным Саим мен Мақпал Қалмұрза жасөспірімдер арасындағы техникалық бағдарламада қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпиондары атанды.
Тахмина Заирова 13–15 жас санатындағы міндетті бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.
Мақпал Қалмұрза әйелдер арасындағы техникалық бағдарлама бойынша жұптық сында күміс жүлдеге ие болды.
Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов аралас жұптық техникалық бағдарламада 186.1867 ұпай жинап, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ясмина Исламова әйелдер арасындағы еркін бағдарламадағы жеке сайыста (соло) сәтті өнер көрсетіп, қола медаль иеленді.
Астана қаласының спортшыларын және олардың жаттықтырушыларын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!





