Жаңалықтар

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛАДЫ ТҰТАНДЫ

Франция астанасы – Парижде ресми түрде XXXIII жазғы Олимпия ойындары басталды. Төрт жылдықтың басты додасының ресми ашылу салтанатындағы «Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның көк байрағын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңілатлет Ольга Сафронова ұстап шықты.

Биылғы Олимпиаданың ашылу салтанаты тарихта алғаш рет ерекше форматта ұйымдастырылды. Яғни спортшылар шеруі әдеттегідей стадионда емес, әйгілі Сена өзенінде өтті. Әр делегация шеруге жеке қайықпен шықты. Шеруде спортшылар 6 шақырымдық қашықтықты басып өтіп, ресми рәсім өткен Трокадерода аялдады. Іс-шараның көркемдік жетекшісі – театр режиссері Томас Жолли.

Еске салсақ, Париждегі төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Франция жеріндегі додаға әлемнің 206 елінен 10 500 спортшы қатысады. Париждегі бәсекеде 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 79 спортшы спорттың 25 түрінен жүлдеге таласады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button