Жаңалықтар

Елордалық жеңіл атлеттер ел чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

2026 жылдың 22–24 шілде күндері Астана қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.

Ел біріншілігіне Қазақстанның 17 өңірінен 265-тен астам спортшы қатысып, 48 жеке сайыс түрі мен эстафеталық жарыстарда бақ сынады.

Аталған чемпионаттың қорытындысы бойынша 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы жасақталады.

Жарыс нәтижесінде Астана қаласының спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

🏅 Алтын медаль иегерлері:

* Виктория Ан – 100 метрге жүгіруде (11,90 секунд);
* Виктория Ан – 200 метрге жүгіруде.

🥈 Күміс жүлдегерлер:

* Анастасия Колода – 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру (58,11 секунд);
* Екатерина Колода – 800 метрге жүгіру.

🥉 Қола жүлдегерлер:

* Ұлар Қуандық – 20 шақырымдық спорттық жүріс (2:17:21.24);
* Екатерина Колода – 400 метрге жүгіру;
* Руслан Курманалиев – 100 метрге жүгіру (10,96 секунд);
* 4×400 метрлік аралас эстафета – Анастасия Колода, Екатерина Колода, Расул Кадыров, Аскар Амержанов;
* 4×400 метрлік ерлер арасындағы эстафета – Аскар Амержанов, Расул Кадыров, Владислав Смирнов, Нуртас Серикулы.

Астана қаласының спортшыларын және олардың жаттықтырушыларын сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button