Жаңалықтар

Жеті спортшымыз жүлдеге ілікті

Ұзақ үзілістен кейін шорт-тректен ішкі біріншілік жанданды. Биылғы ел чемпионатын Нұр-Сұлтан қаласы қабылдады. Оған еліміздің барлық өңірінен жүзге жуық қатысушы жиналды. 3 күнге созылған жарыс нәтижесінде ел үздіктері анықталып, ұлттық құрама жасақталды. Атап айтқанда, елордалық Яна Хан мен Мадина Жанбосынова бірнеше қашықтықта топ жарды. Бұған қоса, командалық сындағы күміс пен Ольга Тихонованың қос жүлдесі бар. Қоржынымызға бас-аяғы 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль түсті.  Ал, ұлттық құраманың үздігі әрі біздің дирекция өкілі Абзал Ажғалиев жүлдегерлер қатарына ілікпеді. Ол әлі жарақатынан жазылмаған. Енді ел чемпиондатында топ жарғандар алдағы айларда бірқатар оқу-жаттығу жинын өткізеді. Ал, күзде лицензиялық турнирлер басталады. Айта кетейік, Пекин қаласында өтетін қысқы олимпиадаға жылға жетер-жетпес қана уақыт қалды.

Ел чемпионатының нәтижесі:

500 метр, әйелдер:

  1. Хан Яна (Нұр-Сұлтан)
  2. Мәдина Жанбосынова (Нұр-Сұлтан)
  3. Ольга Тихонова (Нұр-Сұлтан)

500 метр, ерлер:

  1. Мерсаид Жақсыбаев (Павлодар облысы)
  2. Нұрберген Жұмағазиев (БҚО)
  3. Әділ Ғалиахметов (БҚО)

1000 метр, әйелдер:

  1. Мәдина Жанбосынова (Нұр-Сұлтан)
  2. Ольга Тихонова (Нұр-Сұлтан)
  3. Алина Әжғалиева (БҚО)

1000 метр, ерлер:

  1. Әділ Ғалиахметов (БҚО)
  2. Нұртілек Қажығали (БҚО)
  3. Еркебұлан Шамұханов (Павлодар облысы) 1

500 метр, әйелдер:

  1. Ольга Тихонова (Павлодар облысы)
  2. Хан Яна (Нұр-Сұлтан)
  3. Алина Әжғалиева (БҚО)

1500 метр, ерлер:

  1. Әділ Ғалиахметов (БҚО)
  2. Еркебұлан Шамұханов (Павлодар облысы)
  3. Денис Никиша (Қостанай облысы)

3000 метр, әйелдер:

  1. Әлия Әмірғалиева (Қостанай облысы)
  2. Ольга Тихонова (Павлодар облысы)
  3. Алина Әжғалиева (БҚО)

3000 метр, ерлер:

  1. Еркебұлан Шамұханов (Павлодар облысы)
  2. Әділ Ғалиахметов (БҚО)
  3. Нұртілек Қажығали (БҚО)

Командалық сын. Әйелдер, 3000 метр:

  1. Қостанай облысы
  2. Батыс Қазақстан облысы
  3. Шымкент

Командалық сын. Ерлер, 5000 метр:

  1. Батыс Қазақстан облысы
  2. Нұр-Сұлтан
  3. Қарағанды облысы

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button