Жаңалықтар

Елордалық кикбоксшылар Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 1–7 маусым күндері Алматы қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің үздік спортшылары бақ сынаған додада Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, түрлі салмақ дәрежелерінде жеңіс тұғырынан көрінді.

2008–2009 жылы туған жастар арасында лоу-кик бағдарламасы бойынша Нуриден Бектас 86 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Сонымен қатар, Ханытбек Рамжан күміс жүлдеге ие болса, Досмағамбетов Нұртлеумұрат қола медаль жеңіп алды.

2012–2013 жылы туған жасөспірімдер арасында фулл-контакт бөлімінде Саматұлы Алинұр (63 кг), Үсен Ералы (60 кг) және Ханытбек Алғижан (60 кг, қыздар) алтын медаль иеленді. Қабылхан Әбілмансұр (57 кг) күміс жүлдегер атанса, Ахмет Мағжан (45 кг) мен Нұрғазы Сабижан (51 кг) чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.

2014 жылы туған жасөспірімдер арасында Рымбек Елдос (42 кг) пен Сухарев Данил (51 кг) лоу-кик бағдарламасында Қазақстан чемпионы атанды. Нұрмұхаммед Мұхаммедәлі (51 кг) мен Игликов Данил (54 кг) күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Рымбек Елдос фулл-контакт бойынша қола жүлдеге ие болып, Ханытбек Ратжан мен Сухарев Данил да үздік үштіктен көрінді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button