ЖаңалықтарМекеменің мәдени өмірі

Ұлттық спортымыз Тоғызқұмалақтан ҚР Кубогы.

Ұлттық спортымыз Тоғызқұмалақтан 5 мен 11 ақпан аралығында Алматы қаласында ҚР Кубогы өтті. Жарысқа ОҚО, БҚО, ШҚО, Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстары мен Алматы, Астана, Атырау қалаларынан мықты деген 100-ге жуық спортшылар бақтарын сынады. Тоғызқұмалақтан мектебіміздің жаттықтырушы-оқытушылары Шотаев Мақсат Есенбекович пен Қуанышбекова Айкерім Қалабайқызының спортшылары жақсы нәтижелермен оралды.
Зкрияев Биғали классикалық бөлімде сайысып құрметті – І орынды жеңіп алып, спорт шебері атағын орындады.
Базаралиева Гульнара классикалық бөлімде сайысып – ІІІ орынға жайғасты. 2 спортшымыз Есіркеп Құндызбен, Хадылбек Бақытжан жүлделі орындардан көрінбеседе рейтингте +10 сатыға нәтижелерін жақсартты.
Астана құрама командасы жалпы командалық есепте ІІІ орынға ие болды.
Құттықтаймыз! Толағай табыстар тілейміз!

Фото Швсма Толағая.
Фото Швсма Толағая.

Ұқсас мақалалар

Back to top button