Жаңалықтар

Тоғызқұмалақтан ҚР командалық Чемпионаты.

2017 жылдың 11 мен 17 маусым аралығындағы Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы командалық чемпионаты.

Біздің Қазақ халқымыздың Ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ жақсы деңгейде дамып келе жатыр. Жарысқа ҚР мемлекетінен 9 команда қатысты: Астана, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар және ОҚО. Жалпы ҚРЧ-на 9 командадан 68 спортшы қатысты. Астана қаласының құрама командасында  «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің келесі спортшылары өнер көрсетті: Есенбек Нұржан СШҮ, 8 ойыннан – 4 ұпай; Базаралиева Гульнара СШҮ, 7 ойыннан – 4 ұпай; Хадылбек Бакытжан СШ, 8 ойыннан – 5 ұпай; Есіркеп Құндыз СШ, 8 ойыннан – 7 ұпай.

Командалық есепте І орынды жеңіп алған Қызылорда командасына Астана қаласының командасы 0,5 ұпай жетпей қалып ІІ орынды місе тұтты. Жарыс Республикалық деңгейде ешқандай ескертулерсіз аяқталды.

«Толағай» ЖСШМ-нің спортшыларын құттықтаймыз!

#smileAstana #АсетИсекешев #Astana_Akimat #Astanasportivnaya#Astana#Kazakhstan

 

 

Ұқсас мақалалар

Back to top button