Жаңалықтар

Астана спортшылары кикбоксингтен әлем чемпионатында жүлде тұғырынан көрінді

2026 жылдың 17–28 қазан күндері Италияның Лидо-ди-Езола қаласында жастар мен юниорлар арасында кикбоксингтен әлем чемпионаты өтті.

Әлемдік додаға Ұлыбритания, Венгрия, Қазақстан, Грекия, Болгария, Гватемала, Польша, Сербия, Мексика, Италия, Түркия, Әзірбайжан және АҚШ сынды мемлекеттердің үздік спортшылары қатысып, бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана спортшылары 3 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.

🥇 Тассыбек Ерболат — K-1, 60 кг;
🥇 Бабаев Азиз — K-1, 63,5 кг;
🥇 Бабаев Икрам — K-1, 71 кг.

🥉 Ханытбек Рамжан — лоу-кик, 75 кг;
🥉 Досмағанбетов Нұртлеумұрат — K-1, 86 кг;
🥉 Қайрат Жанбала — K-1, 51 кг.

Сонымен қатар, Тассыбек Ерболат K-1 бөлімінде әлем чемпионатының ең үздік спортшысы атанды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орынға жайғасты.

Астана спортшыларын және олардың жаттықтырушыларын жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button