Жаңалықтаржемқорлыққа қарсы күрес

СПОРТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЕСКЕРТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

Бүгін елордадағы «Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешенінің конференц-залында Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмагүл Ерсінқызы мемлекеттік қызметшілерімен жиын өткізді.

Жиынға қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және басқармаға қарасты мекеме басшылары, қызметкерлері мен жаттықтырушылары қатысты.

Шара барысында Алмагүл Кенебаева «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды алдын алу және ескерту» тақырыбы аясында мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін жауапкершіліктері жөнінде әңгімеледі.

Сондай-ақ, пара бопсалауға немесе пара бопсалады деп арандатуға себеп болатын мінез құлықтың бірнеше факторларын мысалға келтірді. Мұндай теріс қылықтардан қорғайтын бірден бір жол ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары) нормаларын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілер, сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның белгілері туралы айтты, неғұрлым кең таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша қылмыстық-құқықтық статистиканың нәтижелерімен таныстырды.

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты мол мағлұматы мен маңызды дәрісі үшін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмагүл Ерсінқызына алғысын білдіріп, мектеп басшылары мен жаттықтырушыларына қызметтік және қызметтік емес уақытта тәртіп пен заңды сақтауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button