Жаңалықтар

Құттықтаймыз!!! Джиу-джитсудан Әлем чемпионатында «Толағай» спортшысы Галина Дуванова жүлделі үшінші орынға ие болды

Галина – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы.

Алғаш кездесуін 9:0 есебімен Панама спортшысын, екінші айналымда 40 секунд уақытта қолды ауырту әдісімен Таиланд спортшысын ұтты. Поляк спортшысына 2:2 (бір белсенділікке ұтылып) есе жіберді. Қола жүлде үшін күресте француз спортшысын 6:2 есеппен жеңді.

Жарыс ағымдағы жылдың 23-26 қараша Швецияның Мальмё қаласында 55 мемлекет арасында өтті. Командалық кездесу жалғасуда.  Джиу-джитсу спортшылары мен жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Командалық жарыста жеңіс тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Back to top button