Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы – үздік төрттікте

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажай Азия ойындарында акватлоннан Қазақстан құрамасы аралас эстафетада 4-орынға ие болды.

Жарыс барысында ел намысын қорғаған елордалық спортшылар:

* Диана Ержанова (1-кезең – 16:44)
* Рамазан Айнегов (2-кезең – 15:05)
* Алуа Нурмухамет (3-кезең – 17:31)

Отандастарымыз жарыс бойы үздік бестік қатарында тұрақты өнер көрсетіп, қорытынды кезеңде 4-орынды нық иеленді.

Жалпы уақыт көрсеткіші — 1:05:16.

Жүлдегерлер:
🥇 Қытай — 1:01:44
🥈 Гонконг — 1:02:35
🥉 Жапония — 1:03:54

📸 Никита Басов

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button