Елордалық мергендер нысана көздеуден Гран-при турнирінде үздіктер қатарынан көрінді

2026 жылдың 17–28 қазан күндері Шымкент қаласында нысана көздеуден В. Почиваловты еске алуға арналған Гран-при турнирі өтті.
Жарыста Астана қаласының спортшылары ересектер мен жасөспірімдер арасында жоғары нәтиже көрсетіп, жеке және командалық сайыстарда 8 алтын, 6 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
🏆 Алтын жүлдегерлер:
🥇 Кирилл Цуканов — ПП-3, жеке сайыс (ересектер);
🥇 Кирилл Цуканов — МП-8, командалық сайыс (ересектер);
🥇 Аят Қашқымбаев — МВ-9, командалық сайыс;
🥇 Юлия Дынько — МВ-9, командалық сайыс;
🥇 Тамерлан Ердембек — ПП-3, командалық сайыс;
🥇 Тамерлан Ердембек — МП-5, командалық сайыс;
🥇 Асылым Жакия — МП-5, командалық сайыс;
🥇 Асылым Жакия — ПП-3, командалық сайыс.
🥈 Күміс жүлдегерлер:
🥈 Кирилл Цуканов — МП-8, жеке сайыс (ересектер);
🥈 Кирилл Цуканов — ПП-3, командалық сайыс (ересектер);
🥈 Юлия Дынько — МВ-5, жеке сайыс;
🥈 Асылым Жакия — МП-5, жеке сайыс;
🥈 Аят Қашқымбаев — МВ-5, жеке сайыс;
🥈 Юлия Дынько — ВП-6, командалық сайыс.
🥉 Қола жүлдегер:
🥉 Тамерлан Ердембек — МП-5, жеке сайыс.
Осылайша елордалық мергендер турнир қорытындысы бойынша 15 жүлдеге қол жеткізді.
Спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!





