Жаңалықтар
Астана спортшысы Азия чемпионатында жүлдегер атанды

2026 жылдың 24-26 сәуір күндері Қытайдың Хэфэй қаласында байдарка және каноэ есуден Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық додаға 22 мемлекеттен 400-ден астам спортшы қатысты.
Аталған жарыста Астана қаласының спортшысы Костенко Эвелина жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды 🥉
Отандасымыз халықаралық аренада лайықты өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.
Спортшымызды жүлделі орнымен құттықтаймыз!



