Жаңалықтар

Қазақстан барысы -2018 қорытындысы!

Қазақстан барысы -2018 қорытындысы.

Астана қалсында «Қзақстан барысы-2018» турнирі өз мәресне жетті. Қарағанды облысының спортшысы Шынкеев Ержан жеңімпаз атанды. «Әскер барысының» жеңімпазы Қажыбаев Ерасыл екінші орынға, Шығыс Қазақстан облысының палуаны Нұғмаров Айбек үшінші орынға ие болды. 2017 жылы «Қазақстан барысы -2017» турнирінде Қажыбаев Ерасыл Ералиев Еламанды артқа қалдырып жеңген болатын.
Ағымдағы жылдың турнирі таңқаларлық оқиғасыз өтпеді. Республикалық турнирдің ең басты фавориттері Мухит Турсынов, Руслан Абдразаков, Улан Рускыл бірнші турда ұтылып қалды.
«Қазақстан барысы-2018» жеңімпазына 25 миллион теңге сыйақы берілсе, әр турға қатысушыларға 100 мың теңгеден берілді. Турнирге барлығы еліміздің 14 облысынан және Астана,Алматы, Шымкент қалаларынан 37 спортшы қатысты.

Ұқсас мақалалар

Back to top button