Жаңалықтар

Азия ойындары-2026: елордалық спортшылар әртістік жүзуден қола жүлде иеленді

Елордалық спортшылар Айгерим Курмангалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова және Жаклин Якимова Қазақстан құрамасы сапында Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Топтар (техникалық, еркін, акробатикалық) арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы 672.6029 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Қытай құрамасы 857.5084 ұпаймен жеңімпаз атанса, Жапония командасы 821.7404 ұпаймен күміс жүлдені иеленді.

Қазақстан құрамасы сапында Айгерим Курмангалиева, Павлецова Анна, Столбунова Валерия, Якимова Жаклин, Болатова Наргиза, Друзин Виктор, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Ясмин Туякова, Даяна Джаманчалова өнер көрсетті.

📸 Владислав Семенов

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button