Жаңалықтар
Елордалық триатлоншылар Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 12–14 маусым күндері Қытайдың Сюйчжоу қаласында триатлоннан Elite, U17 және U15 санаттары бойынша Азия чемпионаты өтті.
Азияның 20 елінен 185 спортшы қатысқан құрлықтық додада Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
U17 жас санатында елордалық спортшы Айнегов Рамазан супер-спринт қашықтығында Азия чемпионы атанды.
Ал U17 санатында Нұрмұхамет Алуа аралас эстафета жарысында күміс жүлдеге ие болып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль салды.



